Барлық авторлар
Журналист-редактор
1989 жылы 31 желтоқсанда Ақмола облысында дүниеге келген. 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Журналистік еңбек жолын 2008 жылы "Альянс.kz" жастар газетінен бастаған. Содан бері еліміздің түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында журналист, редактор және бас редактор қызметтерін атқарған.
Медициналық "Медикер жаршысы" газетінде он жылға жуық бас редактор, еліміздің мұнай-газ саласындағы мәселелерді қамтитын "Мұнайлы мекен" газетінде шығарушы редактор болып еңбек еткен. Сонымен қатар түрлі подкасттарды ұйымдастырып, телевизиялық бағдарламалардың редакторы болған. "Хабар" телеарнасының "Оян!" таңғы бағдарламасында екі жылдай жұмыс істеген.
Кейінгі жылдары Azattyq Rýhy ақпарат агенттігінде тілші қызметін атқарған. 2026 жылдың қыркүйегінен бастап Stan.kz ақпарат агенттігінде журналист болып жұмыс істейді.
18 жылға жуық кәсіби тәжірибесінде баспасөз, телевизия және интернет журналистикасы салаларында еңбек етіп келеді.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады