Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Stan.kz туралы

Stan.kz ақпарат агенттігі

Меншік иесі –  «Галам медиа» ЖШС

Құрылтайшысы, бас директор – Дина Блинова

Бас редактор – Айнұр Мұхади

Куәлік нөмірі № KZ39VPY00015332, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген


Алматы, Достық, 132, 3

[email protected]
+7 700 327 00 67

 

Редакциялық саясат

 

STAN.KZ қазақ тілді аудиторияны сапалы қазақ тіліндегі ақпаратпен жедел қамту мақсатында ашылған. Біздің мақсатымыз – қазақ тілінде сөйлейтін ел азаматтарын біріктіру, оқырмандар үшін қызықты да пайдалы ғаламтор-ресурсын құру.

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Адамдардың өмірінен алынған хикаялар туралы әңгімелеп, танымал тұлғалардан сұхбат аламыз. Біздің тілшілер Қазақстанның әр аймағынан хабар таратады.

Редакцияның негізгі қағидалары

Біздің редакция төрт негізгі қағиданы басшылыққа алады:

  • Ақпараттың дәлдігі. Біз тек тексерілген ақпаратты жариялаймыз. Қандай да бір дерек расталмаса, оны шындық деп ұсынбаймыз және материалда бұл туралы ашық айтамыз.
  • Тәуелсіздік. Редакция қандай тақырыпты көтеріп, оны қалай жазатынын өзі шешеді. Жарнама берушілер мен серіктестер редакциялық материалдың мазмұнына ықпал ете алмайды.
  • Адалдық. Әр материалдың авторы көрсетіледі. Жарияланған және жаңартылған уақыты жазылады. Ақылы немесе жарнамалық материалды редакциялық мақала ретінде ұсынбаймыз.
  • Адамдарға құрмет. Біз адамдарды жынысына, ұлтына, дініне, жасына немесе денсаулық жағдайына қарай кемсітуге жол бермейміз. Даулы мәселелерде қос тарапқа да пікір білдіруге мүмкіндік береміз.

Редакция Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнама саласындағы заңнаманы сақтайды. Әр материал жарияланбас бұрын екі кезеңнен өтеді: алдымен автор өз мәтінін тексереді, кейін редактор қайта қарап шығады.

Ақпаратты қайдан аламыз?

·        Бірінші дереккөзге сүйенеміз.

Ақпаратты мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан, құжаттардан, компаниялардың баспасөз хабарламаларынан, бейнематериалдар мен ресми стенограммалардан аламыз. Кейіпкерлердің сөзін түпнұсқамен салыстырып, дәйексөздердің дұрыстығын тексереміз.

·        Ақпараттың дереккөзін көрсетеміз.

Егер дерек басқа бұқаралық ақпарат құралынан, әлеуметтік желіден немесе ресми арнадан алынған болса, материалда оның қайдан алынғанын міндетті түрде көрсетеміз.

·        Расталмаған ақпаратты факт ретінде ұсынбаймыз.

Белгілі бір мәлімет растау, тексеру мүмкін болмаса, оны жарияламаймыз. Ал ақпаратты жариялауға қоғамда қажеттілік болса, оның расталмағанын оқырманға анық көрсетеміз.

·        Анонимді дереккөздерге қатысты талап қатаң.

Анонимді дереккөзге адамның қауіпсіздігіне қатер төніп тұрса, әрі ақпарат қоғам үшін маңызды болған жағдайда ғана жүгінеміз. Мұндай дереккөздің кім екені редакцияға белгілі болуы керек. Сонымен қатар алынған ақпарат кемінде тағы бір дереккөз арқылы тексеріледі. Материалда ақпарат не себепті анонимді түрде берілгені түсіндіріледі.

Дәлелсіз және аты-жөні көрсетілмеген айыптауларды жарияламаймыз.

Даулы жағдайда екі тараптың да пікірі беріледі.

Егер материалда белгілі бір адамға немесе ұйымға қатысты дау не айыптау болса, оның екінші тарабына да пікір білдіруге мүмкіндік береміз.

Фото мен видеоға қойылатын талап

Фото және видеоматериалдарды авторлық құқық иелерінен немесе пайдалануға рұқсат етілген ашық дереккөздерден аламыз. Мүмкін болған жағдайда материалдың авторын көрсетеміз.

Фото мен видеоны өзгертіп, өңдеп немесе оқиғаның шынайы көрінісін басқаша етіп көрсетуге жол бермейміз.

Мүдделер қақтығысы

Егер журналистің материал кейіпкерімен немесе мақалада сөз болатын компаниямен жеке не кәсіби байланысы бар болса, бұл туралы редакторға алдын ала хабарлауы керек. Мұндай жағдайда материалды басқа журналиске беру туралы шешімді редактор қабылдайды.

Жарнама және коммерциялық материалдар

Біз редакциялық материал мен ақылы контентті бір-бірінен анық ажыратамыз. Ақылы жарнама, серіктестік жоба, демеушілік жарияланым немесе белгілі бір келісім негізінде таратылған пресс-релиз коммерциялық материал болып саналады.

Мұндай материалдардың үстінде "Жарнама" немесе "Серіктестік материал" деген белгі болады.

Егер материалға белгілі бір компания немесе ұйым ақы төлеген болса, тапсырыс беруші  көрсетіледі.

Қателерді түзету және редакцияға хабарласу

Материалда қате кеткенін байқасаңыз немесе мақалада қатысты пікіріңіз болса, редакцияға [email protected] мекенжайы арқылы хат жолдай аласыз. Өтініште материалдың сілтемесін, нақты қай тұсы қате екенін және мүмкін болса, оны дәлелдейтін құжатты немесе дереккөзді көрсетіңіз. Редакция өтінішке 5 жұмыс күні ішінде жауап береді. Егер мәселе қосымша тексеруді қажет етсе, өтініштің қабылданғанын хабарлап, түпкілікті жауапты 30 күннен кешіктірмей береді. Қате расталса, материал түзетіледі. Егер қате маңызды болса, мысалы, дерек, сан немесе цитата дұрыс берілмесе, материалдың соңына арнайы түзету белгісі қойылады. Онда қандай ақпараттың қате болғаны, оның қалай түзетілгені және түзету енгізілген күн көрсетіледі. Ал ұсақ қателер мен емле, тыныс белгілеріне қатысты кемшіліктер редакциялық тәртіппен түзетіледі және ол үшін арнайы белгі қойылмайды.

Жауап беру құқығы

Егер жарияланған материал адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты болса, заң талаптарына сәйкес оның пікірін, жауабын немесе теріске шығаруын жариялауға дайынбыз.

Біздің авторлар:

Айнұр Мұхади

Назархан Уән

Гүлсезім Мұхатай

Нұрила Жұмаділлә

Айым Атамбаева

Балнұр Рахматуллақызы

Гүлнара Мәлік

Айым Болатқызы

Дана Русланқызы

Қарлығаш Асқарова

Ақгүл Айдарбекқызы

Ислам Әден

Stan.kz
Бейсенбі, 22 Наурыз, 2018 15:05