Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Шайдоров өзін Олимпиадаға дайындаған бапкерімен келісімшартын тоқтатты

Шайдоров
Фото: olimpia_da

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен оның бапкері Алексей Урманов арасындағы келісімшарттың тоқтағанын айтты. Бұған дейін Урманов Шайдоровты Олимпиадаға дайындаған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алексей Урмановқа алғыс айтқымыз келеді. Ол өзі де Олимпиада алтынын жеңіп алды, Олимпиада чемпионын дайындауға да көмектесті. Осы үш жылда Михаилдың командасымен бірге үлкен жұмыс атқарды. Алексей Урманов алдағы уақытта жас спортшыларымызбен де жұмыс істейді деп үміттенеміз", – деді министр.

Министрдің айтуынша, Шайдоров жаңа олимпиадалық кезеңді бастап, жыл басынан бері 13 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, төрт-бес жарысқа қатысқан. Министр спортшының өз командасын таңдауға құқығы барын және министрлік оны қолдайтынын айтты.

Федерация Олимпиададан кейін Урмановқа Алматыдан пәтер сыйлаған. Министрдің сөзінше, бапкермен байланыс әлі де жалғасып келеді.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Схиппен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдағанын жазған едік. Федерацияның бас хатшысы Скотт Манн нидерландтық маманмен келісімшарт мерзімі аяқталатынын айтып, ұлттық құрамаға жаңа бапкер іздестірілетінін мәлімдеген еді.

Қарлығаш Асқарова
Бейсенбі, 19 Қараша, 2026 13:43