Кардиохирург жүрек ауруын білдіруі мүмкін төрт белгіні атады
АҚШ-тағы кардиохирург Джереми Лондон жүрек ауруы кезінде байқалуы мүмкін, бірақ көп адам мән бере бермейтін төрт белгіні айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
1. Аяқтағы түктің түсуі
Егер балтыр мен аяқ башпайларындағы түк сирей бастаса, бұл қан айналымының нашарлағанын білдіруі мүмкін. Қан тамырлары тарылған кезде түк өсетін жерлерге оттегі мен қоректік заттар жеткілікті мөлшерде жетпейді.
2. Ер адамдардағы жыныстық әлсіздік
Дәрігердің айтуынша, эрекцияның бұзылуы да қан тамырларындағы мәселелердің белгісі болуы мүмкін.
3. Аяқтың ісінуі
Тобық пен табанның жиі ісінуі жүректің қанды ағзаға жеткілікті деңгейде айдай алмай жатқанын көрсетуі ықтимал.
4. Себепсіз шаршау
Егер адам бұрынғыдан тез шаршап, үнемі әлсіздік сезінсе, мұны да назардан тыс қалдырмаған жөн. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, кеңес алу қажет.
Кардиохирург осындай өзгерістер байқалса, дәрігерге қаралуға кеңес береді. Алайда бұл белгілердің болуы міндетті түрде жүрек ауруы бар деген сөз емес. Нақты диагнозды тек медициналық тексеруден кейін анықтауға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Диетолог жүрек пен қан тамырларына ең пайдалы жаңғақ түрін атағаны туралы жазған едік.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
