Қар, тұман және көктайғақ: Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
21 қарашада Астана мен Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер елдің әр өңірінде тұман, көктайғақ, жаңбыр, қар және найзағай болатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазгидромет" мәліметіне сәйкес, Астанада мезгіл-мезгіл тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола облысында да осындай ауа райы болжанады.
Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Семейде де осы уақытта тұман болжанады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, батысында және орталығында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысының шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей уақыттарда 25 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болжанады. Қостанай қаласында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысында жел екпіні кей уақытта секундына 23 метрге дейін күшейеді. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метр болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жезқазғанда мезгіл-мезгіл тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде, сондай-ақ Петропавлда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, сондай-ақ Павлодар қаласында тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар тұман түседі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Түркістан қаласында да күндіз оңтүстік желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде таулы аудандарда, ал күндіз облыстың оңтүстік-батысы мен таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Қызылорда қаласында да мезгіл-мезгіл тұман түседі.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда және ашық ауада сақ болуға шақырады.
Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
