Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ҰҚК-нің жаңа төрағасын қабылдап, нақты тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салсақ, 12 қарашада ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, "Қазақстан темір жолы" басшысы Елжас Отаншиевті және басқа да тұлғаларды ұстағанын растады. ҰҚК мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. 

Тоқаев "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдіріп, жағдайды "ауқымды жемқорлықтың белгісі" деп атады. 

Президент үкімет пен бақылаушы органдарға 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және оларды азайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 

Осы оқиғалардан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев қызметінен босатылып, оның орнына Марат Ирменов тағайындалды. 

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, Ермек Сағымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған. Президент Сағымбаевты қызметінен босатқан кезде "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" басшыларының жемқорлық күдігімен ұсталуын да назарға алған.

Дана Русланқызы
Жұма, 20 Қараша, 2026 19:54