"Өкпем тарқады": Ақын Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовпен татуласты
Ақын Мөлдір Айтбай мен әнші Өмірқұл Айниязовтың арасындағы реніш шешілді. Бұған дейін өнер иесіне сыйлаған алтын сақинасын қайтарып берген ақын енді онымен татуласқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мөлдір Айтбай Threads парақшасында қысқа жазба жариялап, Өмірқұл Айниязовпен өзара түсіністікке келгенін жеткізді.
“Өкпем тарқады. Ағаммен татуластым. Бір-бірімізді түсіндік. Нөсер басылды, бұлт ашылды, күн шықты”, – деп жазды ақын.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Айтбай “Мөлдір өлең” подкастында әншімен арадағы түсініспеушілік туралы ашық айтқан еді. Ақынның сөзінше, Өмірқұл Айниязовқа арнап ән жазғаннан кейін өнер иесінің жұбайы оған сахнада алтын сақина сыйлаған. Алайда Мөлдір Айтбай бағалырақ сыйлық күткенін жасырмады.
Кейін ақын әншіден ет сұрағанда, оның келісі 3300 теңгеден сатылатынын естіген. Осы жағдайға көңілі қалған Мөлдір Айтбай алтын сақинаны әншінің баласы арқылы қайтарып бергенін мәлімдеген. Ақын мәселе сыйлықтың құнында емес, өзіне көрсетілген қарым-қатынаста екенін айтқан болатын.
Енді Мөлдір Айтбай реніштің артта қалғанын айтып, әншімен татуласқанын жеткізді. Ал Өмірқұл Айниязов бұл жағдайға қатысты көпшілік алдында пікір білдірмеді.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды