Freedom Банкі мен "Дарын" РҒПО жас таланттарды қолдау туралы келісімге қол қойды
Freedom Банкі мен "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың қабілеттерін қолдауға бағытталған серіктестік туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа Freedom Банкінің Астана қаласындағы филиалының директоры, басқарушы директор Ардақ Елеусізов пен "Дарын"республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Давлет қол қойды.

Серіктестік аясында банк республикалық деңгейдегі алты ірі олимпиадаға қолдау көрсетеді.
Атап айтқанда, жүлделі орындарға ие болған оқушыларға, сондай-ақ жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге ақшалай сыйақы беріледі. Бірлескен алғашқы жоба ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада болды. Марапаттау рәсімі 20 қарашада Астана қаласында өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 200-ге жуық жүлдегер Freedom Банкінен ақшалай сыйақы алды. Сыйақы мөлшері иеленген орынға байланысты белгіленді:
- I орын алған оқушыға 150 мың теңге, ал оны дайындаған ұстазға 100 мың теңге;
- II орын үшін тиісінше 100 мың және 50 мың теңге;
- III орын үшін 50 мың және 25 мың теңге беріледі.
"Қазақстанда талантты жастар көп. Олардың қабілеттерін ашуға мүмкіндігі болғаны маңызды. Біз оқушылардың дамуына жол ашатын бастамаларды қолдауға қуаныштымыз. Әр шәкірттің жетістігінің артында ұстазының еңбегі тұрғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан мұғалімдердің еңбегіне лайықты баға беру де біз үшін маңызды", – деп атап өтті Freedom Банкінің директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Биыл ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға 135 мың оқушы тіркелді. Байқау жалпы білім беретін 13 пән бойынша өткізіледі. Алтауы жаратылыстану-математикалық, жетеуі қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтиды. Олимпиаданың мақсаты — Қазақстанның барлық өңіріндегі қабілетті оқушыларды анықтап, жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Мектеп олимпиадаларын қолдау — осы бағыттағы тағы бір қадам. Бұл бастама білім берудің әр кезеңінде жастарға қолдау көрсетуге және олардың болашақта табысқа жетуіне мүмкіндік беруге бағытталған.
2026 ҚР ҚНРДА-ның банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған 07.07.2026ж. № 1.1.551.129 әмбебап банктік лицензиясы
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ