Зорлық-зомбылық оқиғасын әзілге айналдыру: Павлодар тұрғыны "Прожарка" жобасының орынсыз әзіліне шағымданды
Рахима есімді Павлодар тұрғыны “Прожарка” жобасында оған жасалған зорлық-зомбылықты әзілге айналдырғаны үшін полицияға барып шағымданды. Оның айтуынша, жүргізуші оның рұқсатынсыз оның атынан хат жазып, жұртқа оқып берген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Павлодар қаласындағы Melange ресторанында өткен “Прожарка” жобасында оның бұрынғы күйеуі арнайы қонақ болып қатысқан. Жобаны ұйымдастырушылар оны да жасырын қонақ етіп шақырған, алайда Рахима одан бас тартқан.
“Мен бас тарттым және мен туралы тақырыпты қозғамауды өтіндім. Бұрынғы күйеуіме мені талқыламауды сұрадым”, – деп жазды Рахима өзінің парақшасында.
Оның айтуынша, ол сол күні сағат 23:00 шамасында өтініш берген. Ол ұйымдастырушыларды оған жала жауып, оның тарапына болғантұрмыстық зорлық-зомбылықты талқылады деп айыптады.
“Ол зорлық-зомбылықтан мен өліп кете жаздағанмын, ұлыммен бірге бастан кешкендеріміз талқыланбауы және ешқандай көңілді эмоция тудырмауы керек”, – деп жазды Рахима.
Ол өзінің не үшін күйеуімен ажырасқанын да тілге тиек етті. Сөзінше, ол 2023 жылы күйеуі оған ылғи да күш көрсете бергеннен ажырасып кеткен. Алғашқы рет оның жүктілігінің 26-аптасында қол көтергенін айтты. Ол кезде Рахима күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін білгеннен кейін екеуінің арасында дау туындаған.
Екіншісі баласын босанғаннан кейін бір аптадан кейін болды. Осыдан кейін ол арыз жазып, сот күйеуіне ескерту жасаған. Кейін ерлі-зайыптылар татуласты. Оның айтуынша, 2023 жылдың тамызында күйеуі оны басынан ұрған. Дәрігерлер жабық бас сүйек-ми жарақатын, мидың шайқалуын, бет пен бастың көгеруі мен гематомасын анықтады. Өз жазбасында Рахима Салтанат Нүкенованың жабық бас-ми жарақатынан қайтыс болғанын жазды.
“Бізге сусабын лақтырды, сол кезде ұлымның көзі химиялық күйікке ұшырайды. Көзін жуу үшін баламен жуынатын бөлмеге жүгіріп бара жатырмын, ал ол мені артымнан ұрып жатыр, сол уақытта бала маңдайын соғып алды. Таңертеңгі сағат төртте ауруханаға апаруды сұрап, жыладым”, – деп жазды Рахима.
Рахиманың айтуынша, баланың әкесі онымен кездеспейді және оның тәрбиесіне қатыспайды. Оның айтуынша, ол алиментті нақты табысынан төлемейді, өйткені тойдан түскен табыс ресми түрде еш жерде тіркелмеген.
Павлодар облысының полиция департаменті шоуды ұйымдастырушылар полицияға шақырылғанын хабарлады.
“Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ұйымдастырушыларды шақырдық. Бұл қашан болғанын және іс-шарада не болғанын, оның жеке деректері айтылды ма және мұның бәрі қандай мақсатпен жүргізілгенін анықтау керек. Осыдан кейін құқықтық баға беріледі. Тексеруге біраз уақыт кетеді”, – деді Павлодар облысы ПД өкілдері.
Еске сала кетейік, Талдықорғанда ер адам екі түннің ортасында өзінің әйелін суық қарумен қуып, оны бірнеше рет соққыға жыққан. Әйелдің сөзінше, күйеуі оған 2 жыл бойы қорлық көрсетіп келген.
"Түнімен жұмыс істетіп, ұйықтатпайтын": Қазақстандық студенттер ЖОО жатақханаларында көрген әлімжеттігін айтты
