Еуропаның 25 елінде Z буыны жаппай наразылыққа шықты: Жастар не талап етіп жатыр?
Еуропаның бірнеше елінде жастар наразылық акциясына шығып жатыр. 20 қараша күні құрлықтың әр түкпіріндегі қалаларда ондаған мың адам көшеге шықты. Акцияны 25-тен астам елдің жастары ұйымдастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлыбритания, Франция, Испания, Италия және басқа да елдердегі студенттер қымбатшылыққа, оқу ақысының өсуіне және білім беру саласына қаржының аз бөлінуіне қарсы наразылық білдірді. Сонымен қатар олар Израильдің Газа секторындағы соғысына қатысты өз үкіметтерінің ұстанымына да қарсылық танытты.

Италияда наразылыққа кәсіподақтар да қосылды. Олар ұйым мүшелерін жалпыұлттық ереуілге қатысуға шақырды.
Биыл күзде Z буыны бастаған басқа да наразылық акциялары өтті. Жастар жұмыссыздық көбейгейіне, климаттың өзгеруіне және жасанды интеллектінің бақылаусыз дамуына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр.
Олардың пікірінше, үкіметтер бұл мәселелердің болашақта туындауы мүмкін зардаптарына дайын емес.
Наразылық акциялары қай елдерде өтті?
20 қараша күні жастар Еуропаның көптеген қаласындағы орталық алаңдар мен астаналарда жиналды. Италияның ірі кәсіподақтарының бірі CGIL мәліметінше, ел бойынша 100-ден астам алаңда наразылық акциясы өткен. Олардың бірі Миландағы Дуомо алаңы болды.
21 қараша күні Италияда көлік қызметкерлері ереуілге шығуы мүмкін. Бұл теміржол қатынасына кедергі келтіреді. Ал Франция мен Испанияда қымбатшылыққа қарсы шерулер жоспарланған.

АҚШ-тың Франциядағы елшілігі сенбі және жексенбі күндері бірнеше топ наразылық акциясын өткізетінін хабарлады. Соның салдарынан көлік қозғалысы бұзылып, метро мен пойыз қатынасы кенеттен тоқтауы мүмкін.
Ұлыбритания астанасы Лондонда студенттер Парламент алаңына қарай шерулетті. Германияның Кельн қаласында және Италияның бірнеше шаһарында да митингілер өтті.
Рим, Генуя, Болонья және Милан қалаларында наразылық білдірушілер қарулануға бөлінетін қаржыны азайтып, оның орнына халыққа қажет қызметтерге көбірек ақша бөлуді талап етті.
Ұлыбританияда акцияға 350-ден астам мектеп, колледж және университеттің студенттері қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы наразылықты ұйымдастырушылардың бірі – Socialist Students тобы мәлімдеді.
Италияның CGIL кәсіподағының жетекшісі Маурицио Ландини елдегі акцияларға миллионнан астам адам қатысты деп мәлімдеді. Алайда бұл санды тәуелсіз дереккөздер растаған жоқ.
“Бүгінгі күннің маңызы зор. Себебі жастар Италияда ғана емес, бүкіл Еуропада көшеге шығып жатыр. Өзгеріс талап еткендердің қатары артып келеді”, – деді Ландини.
Лондон полициясы Парламент алаңындағы шеруге дейін акция ұйымдастырушыларымен байланыста болғанын хабарлады. Полиция өкілдері азаматтардың бейбіт шеруге шығу және өз пікірін еркін білдіру құқығын құрметтейтінін, алайда заң бұзылған жағдайда шара қолданатынын мәлімдеді.
Жастар нені талап етіп жатыр?
Соңғы бір жылда Z буыны бастаған үкіметке қарсы наразылықтар Еуропаның бірқатар елінде ғана емес, әлемнің басқа өңірлерінде де өтті. Жастардың талаптары әр елде әртүрлі болғанымен, олардың ортақ мәселелері бар.

Бұл буынның балалық және жасөспірімдік шағы COVID-19 пандемиясы, климаттың өзгеруі және Украина, Газа, Судан мен Ирандағы соғыстар кезеңімен тұспа-тұс келді. Қазір олар билік өкілдері әскери шығындарды көбейту үшін білім беру мен басқа да қоғамдық қызметтерге бөлінетін қаржыны қысқартып, жастардың болашағына қауіп төндіріп отыр деп санайды.
20 қараша күні Германия, Италия және Ұлыбританиядағы шерулерде де әскерге шақыру, әскери шығындардың өсуі және әлеуметтік салаларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі мәселелері көтерілді.
Ұлыбританиядағы Socialist Students ұйымының жетекшісі Адам Пауэлл-Дэвис жастардың наразылығын былай түсіндірді:
“Мектептеріміз, колледждеріміз бен университеттеріміздің қаржысы қысқарып жатқанда, миллиардтаған ақша соғысқа жұмсалғанын үнсіз бақылап отырмаймыз. Біз өз болашағымыз үшін күрескіміз келеді, біреудің соғысы үшін емес”, – деді ол.
Италия астанасы Римде наразылық білдірушілер “Соғысқа емес, мектептерге ақша бөлінсін!” және “Қымбатшылық болмай, жақсы өмір сүргіміз келеді!” деген ұрандар көтерді.

Италияның CGIL кәсіподағының өкілі Джорджо Айраудо да халықаралық акцияны қолдап, студенттер, жұмысшылар мен зейнеткерлердің соғыс пен қайта қарулануға қарсы біріккенін айтты.
Ұлыбританияның “Соғысты тоқтату” коалициясы да жастардың талабын қолдады. Ұйым жалақыны көтеруді, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны арттыруды талап етті. Оған қоса биліктің әскери шығындарды көбейтуіне және Израильдің Газа секторындағы әрекеттеріне қатысты саясатын сынға алды.
Айта кетейік, Непалда 2025 жылдың күзінде әлеуметтік желілердің бұғатталуына байланысты жастар арасында жаппай наразылықтар басталған еді. Ереуілдер күштік құрылымдарымен қақтығыстарға ұласып, ондаған адам қаза тапты. Осы оқиғалардан кейін ел премьер-министрі отставкаға кетті.
Шах наразылықтарды қолдап, ескі элитаны қатты сынады. Осы әрекет оның ел арасындағы танымалдығын арттырған. 2026 жылдың 5 наурызында өткен мерзімінен бұрынғы парламент сайлауында оның "Растрия Сватантра" партиясы парламентте көпшілік орындарды жеңіп алды.
Саясаткер сайлаудағы жеңісінен кейін де музыканы құрал ретінде пайдалануды жалғастыруда. Сайлаудан кейін Шах “Jay Mahakaali” атты ән шығарып, туында бір сағат ішінде жүздеген мың қаралым жинады. Ол өз әнінде елдің бірлігі, патриотизм және Непалдың болашағы туралы сөз қозғаған.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды