Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды

ауа
Фото: chem.libretexts.org

21 қараша күні Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің болжамынша, Көкшетау, Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Балқаш, Талдықорған, Өскемен және Семей қалаларында, Атырауда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Мұндай кезде зиянды заттар ауада тарамай, жерге жақын қабатта жиналып қалуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай жел тым баяу соққанда немесе мүлде болмағанда, тұман түскенде және ауа температурасы инверсияға ұшырағанда болады. Соның салдарынан қала ауасындағы зиянды заттардың мөлшері артуы мүмкін.

Ауаның қаншалықты ластанатыны желдің жылдамдығы мен бағытына, жауын-шашынға, ауа температурасы мен ылғалға да байланысты.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге, мүмкіндігінше үйде болуға кеңес береді.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 21 Қараша, 2026 10:21