Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 11 жастағы оқушыға қатысты зорлық-зомбылық ісінің жаңа деректері белгілі болды

мектеп
Фото: obvk.kz

Қостанай облысындағы ауыл мектептерінің бірінде 5-cынып оқушысына қатысты болуы мүмкін зорлық-зомбылық оқиғасына байланысты жаңа мәліметтер жарияланды. Жәбірленуші тараптың заңгері істің әділ тергелуін және оған қатысы бар кәмелетке толмаған балалардың құқықтары сақталуын талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасаап хабарлайды. 

Еске салайық, желіде 11 жастағы баланы мектеп қабырғасында зорлады деген ақпарат тараған еді. Адвокаттың айтуынша, күдікті ретінде аталғандар – жәбірленушінің сыныптастары. Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Ақтөбе облысы заң консультанттары палатасының мүшесі, заңгер Дамир Мұраттың сөзінше, оқиғадан кейін балалар амалсыздан үйде отыр. Енді олардың оқуын қалай жалғастыратыны белгісіз. Себебі шағын ауыл мектебінде жәбірленуші мен оқиғаға қатысы бар делінген балалардың қайта кездесуі әбден мүмкін.

Заңгер бұл мәселе бойынша мектеп әкімшілігі мен директорына жүгінгенімен, әзірге нақты жауап болмаған.

Істің қозғалуына Оқу-ағарту министрлігінің араласуы ықпал еткен. Ведомство жәбірленген баланың отбасына қолдау көрсетіп, соның ішінде психологиялық көмек ұйымдастырған.

Қылмыстық іс кәмелетке толмаған балаға қатысты адамдар тобы жасаған сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері дерегі бойынша қозғалған.

Жәбірленген баланың анасы көмек сұрап Ақтөбе облысындағы заңгерге жүгінген. Оның айтуынша, қазір істі прокуратура бақылауына алған.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 21 Қараша, 2026 09:05