Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК 45 жастағы шетел азаматын іздестіріп жатыр

іздеу
Фото: qamqor.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетел азаматы Уильямс Коулге (Williams Cole) іздеу  жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәлімет Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, іздестіру ісі 21 қарашада Түркістан облысында тіркелген.

іздеу
Фото: qamqor.gov.kz

45 жасқа толған ер адамды Сарыағаш аудандық полиция бөлімі іздестіріп жатыр. Ал іздестіруді бастаған орган – Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Әзірге Уильямс Коулдың қай елдің азаматы екені, қандай себеппен іздеуге жарияланғаны және оған қатысты өзге де мәліметтер айтылмаған. 

Айта кетейік, бұған дейін Теміртау маңынан екі айдан бері іздеуде болған әйелдің бөлшектелген мәйіті табылғаны туралы жазған едік. Әйелдің өліміне онымен бірге тұрған азамат күдікке ілінуде.

 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 21 Қараша, 2026 13:17