Диетолог жүрек пен қан тамырларына ең пайдалы жаңғақ түрін атады
"Доктор" телеарнасының сарапшысы, диетолог әрі эндокринолог Наталья Лазуренко жүрек пен қан тамырларының саулығына ең пайдалы деп санайтын жаңғақ түрін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Наталья Лазуренконың айтуынша, жүрек пен қан тамырларына ең пайдалы жаңғақ түрі — грек жаңғағы.
“Оның құрамында альфа-линолен қышқылы, яғни өсімдік тектес омега-3 май қышқылы көп. Бұл зат қандағы холестерин деңгейін бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар грек жаңғағында қалқанша безінің жұмысы мен зат алмасуға қажетті селен микроэлементі бар”, – дейді дәрігер.
Диетологтың сөзінше, грек жаңғағы полифенолдар мен талшықтарға да бай. Олар қандағы "жаман" холестерин мен триглицеридтер деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
Маманның түсіндіруінше, грек жаңғағын тұтыну қан тамырларының саулығын сақтауға және атеросклероздың дамуына әсер ететін қабыну үдерістерін азайтуға көмектесуі мүмкін.
Лазуренко зерттеулердің грек жаңғағын тұрақты тұтынатын адамдарда жүректің ишемиялық ауруы сирек кездесетінін көрсеткенін атап өтті.
Зерттеу бойынша, аптасына 5 күн 25 граммнан жаңғақ жейтін адамдардың жүрек ауруына шалдығу қаупі төмен болған.
Бұған дейін кардиолог кеуде тұсының ауырсынуына не себеп болатынын айтқан еді. Маманның айтуынша, психоэмоциялық сипаттағы ауырсыну кезінде электрокардиографияда өзгеріс байқалмайды. Мұндай ауырсыну адамның уайымы күшейген кезде артып, назарын басқа нәрсеге аударғанда, демалғанда немесе күйзеліс тудырған фактор жойылғанда басылады.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
