Қазақстанның алты қаласында ауа ластанады: Тұрғындарға ескерту жасалды
8 қарашада Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды. Осыған байланысты тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге және денсаулығына мән беруге кеңес берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 қараша күні Павлодар, Алматы және Талдықорған қалаларында, ал түнде Ақтөбе, Астана және Көкшетауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде жел баяулап немесе мүлде тоқтап, тұман түседі. Мұндай кезде зиян заттар ауада тарамай, жерге жақын қабатта шоғырланады. Соның салдарынан елді мекендерде ауаның ластану деңгейі артып, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластануына желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдығы да әсер етеді.
Осындай күндері мамандар тұрғындарға:
- Көшеде ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен өндіріс орындарының маңынан аулақ болуға кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендемеген жөн;
- Өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын және аллергиясы бар адамдар сыртқа шыққанда қажет дәрі-дәрмегін өзімен бірге алып жүруі керек;
- Далада ауыр физикалық жаттығулар жасамаған дұрыс. Спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.
Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялаған еді. Айдың екінші жартысында елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында түнгі аяз -18 градусқа дейін жетпек.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған
