Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менен бес-ақ жас үлкен": Әнші Бүркіт енесін неге "мама" деп атамайтынын түсіндірді

Бүркіт пен Аишаны анасы
Фото: Видеодан скриншот / "Көреміз"

Танымал әнші Бүркіт жұбайы Аишаның анасын не себепті “мама” деп атамайтынын айтты. Өнер иесінің сөзінше, енесі өзінен небәрі бес жас үлкен болғандықтан, оны анасы деп атауға ыңғайсызданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші мұны “Көреміз” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Ол енесімен арадағы жас айырмашылығын сөз етіп, “мама” деген сөзді тек туған анасына қатысты қолданатынын жеткізді.

“Мама деп айтпаймын. Бұл кісі менен бес-ақ жас үлкен. Қалай мен мама деп айтамын? Міне, менің мамам, біреу-ақ”, – деді Бүркіт.

Сондай-ақ бағдарлама барысында әншінің енесі қызы Аишаның болашақ жарымен қалай танысқанын еске алды.

Оның айтуынша, Бүркіт алғашында Аишаны өзінің концертіне шақырған. Осылайша екеуінің таныстығы басталған.

Айта кетейік, Бүркіттің шын есімі – Айбек Жансейітов. Ол жұбайы Аишамен 2010 жылы шаңырақ көтерді. Өнерлі жұп бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр. Ерлі-зайыптылар сахнада бірге ән айтып, ортақ шығармашылық жобаларымен де көпшілікке танымал.

Балнұр Рахматуллақызы
Сенбі, 07 Қараша, 2026 19:47