"Ұлын қызғанғаны соншалық, психологқа барды": Блогер Мереке Қалбаева енесі туралы айтты
Танымал актриса әрі блогер Мереке Қалбаева тұрмысқа шыққан алғашқы жылдары енесімен қарым-қатынасы қиын болғанын жасырмады. Оның айтуынша, енесі ұлын келінінен қызғанып, тіпті психологтың көмегіне жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі “Не дейді?” бағдарламасына берген сұхбатында тұрмысқа шыққан алғашқы кезеңін еске алды. Ол енесімен бірден жақын араласып кете алмағанын айтты. Оның сөзінше, бастапқыда екі тарап та бір-біріне үйренісе алмай, араларында салқындық болған.
“Басында түсініспеушіліктер өте көп болды. Бірақ шынын айту керек, енемді бірден жақсы көріп кеткен жоқпын, енем де мені қабылдаған жоқ. Алғашқы кездері тіпті бет сүйісіп амандаспайтын едік. Мен сүйіп амандасуға тырыссам да, енем қашқақтайтын”, – деп еске алды актриса.
Сондай-ақ Мереке Қалбаева енесінің ұлын қатты қызғанғанын айтты.

Оның сөзінше, күйеуі Арсен Акиевтің анасына баласының үйленіп, жеке шаңырақ көтергенін қабылдау оңайға соқпаған. Тіпті ол ұлын өз алдына жіберуге қиналып, психологтың көмегіне жүгінген.
“Енем Арсен екеуіміз үйленген кезде қызғанғаны соншалық, баласын босату үшін психологқа барған. Екі ұлы бар. Арсенді қатты жақсы көрген ғой. Оны бірден босата алмаған, жүрегі ауырған”, – деді блогер.
Дегенмен уақыт өте келе ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынас өзгерген. Бүгінде екеуі бұрынғы түсініспеушіліктерді артқа тастап, бір-бірімен құрбыдай араласады екен.
“Екеуміз қазір құрбы секілді болып кеттік”, – деді Мереке Қалбаева.
Айта кетейік, Мереке Қалбаева мен Арсен Акиев 2018 жылы шаңырақ көтерді. Екеуі де көпшілікке жайдарман сахнасы арқылы танылған. Ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы – алты жас. Бүгінде жұп үш бала тәрбиелеп отыр.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па