Елдегі медициналық мекеме басшыларының әр бесіншісі біліктілік емтиханынан өте алмаған
Медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі кәсіби жарамдылық емтиханында төменгі бал шегін жинай алмаған. Денсаулық сақтау министрлігі аттестаттаудың алғашқы кезеңінің қорытындысын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін еліміздегі перзентханаларға тексеру жүргізіліп, инспекторлар 81 санитариялық нұсқама берген еді. Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі балалар ауруханаларын да тексеруге шешім қабылдады.
Енді кезек босандыру ұйымдары, балалар стационарлары мен жедел жәрдем станцияларының басшылары және олардың орынбасарларына жетті. Қазақстанда әзірге аттестаттаудың алғашқы кезеңі ғана өтті. Оның нәтижесінде қатысушылардың 20%-ы өту балын жинай алмағаны анықталды.
Министрліктің түсіндіруінше, емтиханнан өте алмағандар алты айдан кейін қайта тапсыруы керек. Алайда екінші рет те төмен нәтиже көрсету оларды автоматты түрде жұмыстан шығаруға немесе кәсіби қызметіне тыйым салуға негіз болмайды.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған