Улану қауіпі бар: Денсаулық сақтау министрлігі жүргізушілерге күтпеген ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық жүргізушілерге арзан әйнек жуғыш сұйықтықтың денсаулыққа зиянына қатысты ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министлік мәліметінше, жосықсыз өндірушілер әйнек жуғыш сұйықтықтардың құрамында жүйке жүйесі мен көру органдарына уытты әсер ететін күшті улы зат — метил спиртін (метанолды) пайдалануы мүмкін екеніне назар аударады.
“Сұйықтықты пайдалану кезінде метанол булары автокөліктің желдету жүйесі арқылы салонға енуі мүмкін. Оларды тыныс алу бас ауруын, бас айналуды, жүрек айнуын, көру қабілетінің бұзылуын, ал жоғары концентрацияда ауыр улануды тудыруы ықтимал. “Әйнек жуғыш сұйықтықтарға қойылатын талаптар Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың 5-бөлімінде белгіленген”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ведомство мәліметіне сәйкес өнімнің қаптамасында мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалануы тиіс. Онда өнімнің атауы, өндіруші туралы мәліметтер, өндірілген күні, сақтау мерзімі мен шарттары, мақсаты және партия нөмірі көрсетілуі қажет.
“Өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат — мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (МТК). Оның бар-жоғын ЕАЭО мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізілімінен тексеруге болады. Комитет тұтынушыларға әйнек жуғыш сұйықтықтарды тек белгіленген сауда орындарынан сатып алуды, өнімнің таңбалануына және қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуына назар аударуды ұсынады”, – делінген хабарламада.
Министрлік өкілдері мұндай құжаттары жоқ сауда орындарынан өнім сатып алудан бас тартқан жөн дейді.
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр