Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам бұрынғы әйелінің сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған

Ер адамкесіп тастаған
Фото: Photo via Facebook/ มองเมืองแปดริ้ว'

Таиландта бұрынғы әйелінің сүйіктісін өлтіріп, жыныс мүшесін кесіп алған ер адам ұсталды. Қылмыс 1 қараша күні кешке Чаченгсау провинциясында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Thaiger басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

58 жастағы Чатуронг көрші Накхонратчасима провинциясынан бұрынғы әйелі Чантиманың үйіне келген. Ол 30 жастағы әйелдің бөлмесіне жасырын кіріп, оның жаңа сүйіктісі, 55 жастағы Нимитпен бірге оралуын күткен.

Ер адам қарсыласын алдымен ағаш шоқпармен ұрып, кейін пышақпен бірнеше рет жарақаттаған. Бұдан соң оның жыныс мүшесін кесіп алып, көшеге лақтырып жіберген. Дәрігерлер Нимиттің өмірін сақтап қала алмады.

Чантиманың айтуынша, ол күйеуімен екі ай бұрын, Нимитпен таныспай тұрып-ақ ажырасқан. Ал Чатуронг әйелінің жұмыс бабымен басқа провинцияға көшіп, екеуі әлі некеде болған кезде басқа ер адаммен кездесіп жүргенін алға тартқан. Сондай-ақ бірде оларды бірге көргенін айтқан.

Ер адам бұған дейін де Чантиманы ұрып-соққанын мойындады. Оның сөзінше, әйелі Нимитпен қарым-қатынасын үземін деп уәде берген.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Назархан Уән
Сенбі, 07 Қараша, 2026 19:21