Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада стендап-комигі өнер көрсету кезінде балағат сөз айтқаны үшін айыппұл арқалады

стендап
Фото: t-j.ru

Астана қаласының соты қалалық мекемелердің бірінде өнер көрсету кезінде бейәдеп сөздер қолданған комикті ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Соттың мәліметінше, әртіс дөрекі сөздері арқылы көрермендерді құрметтемей, қоғамдық тәртіпті бұзған. Бұған дәлел ретінде оның өнер көрсету сәтіндегі бейнежазба ұсынылған.

Комик кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Сондай-ақ қамауға алмауды сұраған. Сот оның өтінішін ескеріп, 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.

Сот комиктің аты-жөнін жарияламаған. Құжатта ол "азамат Қ." деп көрсетілген.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, мұндай жағдай Астанада алғаш рет болып отырған жоқ. 2024 жылы комик Александр Меркуль сахнада балағат сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған еді.

Назархан Уән
Сенбі, 07 Қараша, 2026 16:16