Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Китана": "Бүркіт" жасағына алғаш рет әйел сарбаз қызмет етпек

оооооо
Фото: Ұлттық ұлан

Ішкі істер министрі Ұлттық ұланның “Бүркіт” жасағының құрамына алғаш рет әйел адамды қабылдады. Сымбат есімді аруымыз бұған дейін SWAT Challenge халықаралық жарысында чемпион атанған “Томирис” тобының мүшесі болған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық-агенттігі хабарлайды.

Сымбаттың бүркеншік атауы – Китана. Ұлттық Ұланның мәліметінше, Китанаға қызығушылық Дубайда өткен жарыста мергендігінен басталған. Мәліметінше, Сымбат та бұл ұсынысқа көп ойланбай, бірден келісім берген.

“Қымбаттың спорттағы жетістіктері де аз емес. Ол – қоян-қолтық ұрыстан алты дүркін Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының күміс және екі қола жүлдегері, әлем кубогы, Еуропа және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері. Джиу-джитсудан үш дүркін әлем, Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы атанған. ММА бойынша Қазақстан және Азия чемпионы, жауынгерлік самбодан ел чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері.”, – деп мәлімдеді Ұлттық ұлан.

 Ұлттық ұланның мәліметінше, қазір Сымбатты алдағы уақытта күтіп тұрған сынағы – күрең берет.

“Бұл сынақ жауынгердің дене дайындығын, төзімділігі мен рухының беріктігін талап етеді. Мақсатына жетсе, ол Ұлттық ұлан тарихында күрең беретке қол жеткізген алғашқы қыз жауынгер атанбақ”, – деп жазды Ұлттық ұлан.

Еске сала кетейік, Дубай қаласында әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Жарыста еліміздің намысын бес құрама команда қорғады. Нәтижесінде олар Қазақстанның осы турнирге қатысу тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.

Ислам Әден
Бейсенбі, 05 Қараша, 2026 10:44