Шымкентте бірінші сынып оқушысына тиіскен мұғалім 6 миллион теңге өтемақымен құтылып кетті
Шымкентте бірінші сынып оқушысына сексуалдық сипатта тиісіп, сотталған 36 жастағы мұғалім 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпан айында жекеменшік мектептің бірінші сыныбында оқитын қыз мектепте цифрлық сауаттылық пәнінен сабақ беретін мұғалімінің тиіскенін ата-анасына айтып берген.
Шошыған ата-анасы тексерген кезде, тіпті мектептегі бейнебақылау камерасына да түскені анықталған.
Осыдан кейін педагог жас балаларды азғындату дерегімен жазаға тартылғанымен, оны қайта қаратып, жазасы жеңілдеу сексуалды сипаттағы тиісу әрекеті бабына ауыстырылған.

Енді қоғамдық жұмысқа жегілетін педагог 3 миллион теңге моральдық, тағы 3 миллион теңге материалдық шығынды өтеп беруге тиіс.
Еске салайық, осы оқиға туралы Stan.kz ақпарат агенттігі бұған дейін 12 қазанда жазған еді. Сол кезде Шымкенттегі жекеменшік мектепте 1-сынып оқушысына жыныстық сипаттағы әрекет жасаған 36 жастағы информатика мұғалімінің ісі сотқа жеткені хабарланған. Сыныптағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған оқиғаға байланысты баланың анасы полицияға арызданған. Алайда тергеу мұғалімнің әрекетін Қылмыстық кодекстің 121-1-бабы ("16 жасқа толмаған балаға сексуалдық сипаттағы тиісу") бойынша саралаған. Бұл бап бойынша қамауға алу жазасы қолданылмайтындықтан, мұғалім қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін екені айтылған. Сонымен қатар сот істі ауыр баппен қайта саралау мәселесін көтергенімен, апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.
Алматылықтар ONAY QR кодының істен шыққанына жаппай шағымданды: Метрополитен себебін түсіндірді