Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйелдің "бомба бар" деген хабарламасынан кейін метро станциясының жұмысы тоқтап қалды

метро
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда әйелдің "бомба бар" деген хабарламасынан кейін метро станциясының жұмысы тоқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматыда әйел метро қызметкерлеріне "Райымбек батыр" станциясында жарылғыш зат бар екенін айтқан. Осыдан кейін ол бірден ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, станцияға тиісті мамандар шақырылып, тексеру жүргізілген. Нәтижесінде жарылғыш құрылғы да, күдікті заттар да табылмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша әйел Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Полиция метроның қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын және жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында зейнеткердің ұшақ бортында бомба болуы мүмкін деген сәтсіз әзілінен кейін Алматы-Ақтау рейсі екі сағатқа кешіккен еді. Тексеру кезінде жарылғыш зат табылмағанымен, жолаушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 05 Қараша, 2026 10:23