Алматыда жылу ақысы түбіртекте басқаша көрсетіледі: қарашадан бастап не өзгереді?
Алматы тұрғындары қараша айынан бастап жылу ақысын жаңа форматтағы түбіртек бойынша төлейді. Енді құжатта пәтердің әр шаршы метрі үшін есептелген сома ғана емес, тұтынылған жылу көлемі мен бір гигакалорияның тарифі де көрсетіледі. Бұл өзгеріс тұрғындарға төлемнің қалай есептелгенін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Алматы жылу желілері” компаниясының мәліметінше, жаңа формат 2026 жылдың қарашасынан бастап енгізіледі.

Бұған дейін жылу ақысы қалай көрсетілді?
Бұған дейін түбіртекте жылу төлемі пәтердің бір шаршы метріне шаққандағы теңгемен көрсетілетін. Ал бекітілген тариф бір гигакалория жылудың құны бойынша есептеледі. Сондықтан кейбір тұрғындар тариф өзгермесе де, жылу төлемінің неге ай сайын әртүрлі болатынына түсінбей жүрген. Мұның себебі – әр көпқабатты үйдің жылу тұтыну көлемі бірдей емес. Әр ғимараттың қанша жылу пайдаланғанын ортақ үй есептегіші тіркейді.
Енді түбіртекте не көрсетіледі?
Қарашадан бастап “Жылыту” деген жолда үш негізгі көрсеткіш болады:
- Жылу көлемі – есептік кезеңде тұтынылған гигакалория саны;
- Тариф – бір гигакалорияның құны;
- Есептелген сома – тұрғын төлеуге тиіс жалпы қаражат.
Осылайша, алматылықтар өз үйіне есептелген жылу көлемін, бір Гкал бағасын және төлемнің жалпы сомасын жеке-жеке көре алады. Компанияның түсіндіруінше, жаңа формат төлемнің неден құралатынын ашық көрсетіп, жылу шығынын түсінуді жеңілдетуге бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жарық, су мен жылу тарифтері жыл соңында өсуі мүмкін екені айтылған.
"Өзімнен 5 жас үлкен әйел мені асырағысы келді": Актер Олжас Тоғымбет жеке өмірі туралы ашық сұхбат берді