Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тойынған екен": Блогер Ырысбала Икрамбай інісінің тойында ақша шашып, сынға қалды

Ырысбала Икрамбай
Фото: Instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай інісін үйлендіріп, дүркіретіп той өткізді. Блогер беташар кезінде көпшілікке ақша шашып, оның әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің қуанышына ортақтасуға елге танымал өнер иелері де келген. Ал жаңа түскен келіннің бетін белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов ашқан. Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан видео жариялап, ақынға алғыс білдірді.

“Мен ерекше өнерін сыйлайтын орақ тілді, от ауызды ақын азамат келініміздің бетін керемет етіп ашты! Мың алғыс, досым! Алла разы болсын!” – деп жазды блогер.

Блогердің тойдағы әрекетіне қатысты көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Бірі ақша шашуды ысырапшылдық деп бағаласа, енді бірі мұны бауырының қуанышына деген ақжарма көңілі деп қабылдады.

Оқырмандардың бір бөлігі мұны ысырапшылдық пен дарақылыққа балап, сын айтты. Кейбірі тіпті шашылған қаражаттың қайдан келгенін сұрады.

“Негізі ақша шашқан ысырап қой”, “Мақсаты мақтану ма?”, “Тойынған екен”, “Қаражатты қайдан алды екен?”, “Қанша жерден бауыры үйленсе де, мұнысы артық болды. Басқа адамдар жүз теңгеге зар болып жүргенде ақша шашқан дұрыс емес”, – деп жазды желі қолданушылары.

Алайда блогерді қолдағандар да табылды. Олар Ырысбаланың бауырының қуанышына шашу шашуының еш әбестігі жоқ екенін айтып, інісіне той жасап, шаңырақ көтеруіне көмектескен әпкесінің еңбегін жоғары бағалады.

“Шашылса, тойда шашылсын. Бар болса, шашқанға не жетсін?”, “Кейбір ер азаматтардың қолынан келмейтін ерлік жасап, інісіне той өткізді”, “Несі бар? Бауыры ғой, мен де шашылар едім”, “Мықты қыз. Әкенің орнына әке болған батыр қыз. Әр тірлігін көріп қуанып отырмын”, “Бауырыңа жасаған жақсылығың өзіңе еселеніп қайтсын!” – деп пікір қалдырды оқырмандар.

Еске салайық, бұған дейін Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде өзін сынап, түрлі әңгіме таратқан адамдарға жауап бергені хабарланған еді. Ол өзі туралы айтылып жүрген өсек-аяңға тоқталып, ешкімнің алдында ақталуға міндетті емес екенін жеткізді. Блогер өзін сынайтын адамдарды өзгелердің ісіне араласқанша, қоғамға пайдалы іспен айналысуға шақырды.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 24 Қараша, 2026 17:40