Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Білгендеріңді істеңдер!" Блогер Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға шүйлікті

Ырысбала Икрамбай
Фото: Instagram.com/irisbala__ikrambai

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде өзін сынап, түрлі әңгіме таратқан адамдарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер Instagram парақшасында жариялаған жазбасында өзі туралы айтылып жүрген өсек-аяңға тоқталып, ешкімнің алдында ақталуға міндетті емес екенін жеткізді.

“Мен туралы өтірік, өсек айтып, атақ жинағысы келгендер – білгендеріңді істеңдер! Маған бәрібір. Адал екеніңді Алла білсе болғаны емес пе? Ақталма деген ұстанымда қаламын. Мен туралы өсекті өзімнен естіңіздер”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ Ырысбала Икрамбай қайырымдылық қызметіне қатысты айтылған сындарды да назардан тыс қалдырмады.

“Сен міндет қылып қайырымдылықпен айналыспай-ақ қойшы деп едіңіздер. Жақсы, мен қойдым. Қане, енді қайсысы қолға алды? Өз қолынан ештеңе келмейді, өз өмірінде түк бітірмейді, бірақ біреуге ақыл айтып, біреуді түзеп, бөгет болу – наданның ісі”, – деді блогер.

Ол өзін сынайтын адамдарды өзгелердің ісіне араласқанша, қоғамға пайдалы іспен айналысуға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін желі қолданушылары қайырымдылық жасайтын блогер Ырысбала Икрамбайды тексеруді талап еткені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026 23:15