Тоқаев Краковтағы атысқа байланысты Польша президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшада атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты президент Кароль Навроцкийге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Тоқаев болған оқиғаны қатаң айыптап, Қазақстан халқының және өзінің атынан Польша халқына қолдау білдірді.
Сонымен қатар қаза тапқандардың жақындарына қайғыра көңіл айтты. Ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Польшада ер адам көшеде оқ жаудырып, салдарынан 6 адам қаза тапқаны туралы жазған едік. Краков қаласының орталығында 24 жастағы ер адам кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланған. Зардап шеккендердің арасында екі полицей мен шабуыл жасаған ер адамның өзі де бар.
Кейін ер адамның әуелі өз ата-анасы мен әпкесін өлтіргені айтылды. Қазір Польша прокуратурасы Краковтағы атысқа қатысты тергеуді терроризм белгілері бар қылмыс ретінде бастады.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па