Қар, боран және көктайғақ: Қазақстанда 9 қараша күні ауа райы қандай болады
9 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жаңбыр, қар, боран және көктайғақ болады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 30 метрден асады. Ал елдің оңтүстігінде өрт қаупі әлі де жоғары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанада қар аралас жаңбыр жауады
Астанада қар аралас жаңбыр жауып, түнде жауын-шашын күшеюі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Ақмола облысында қатты жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Кей жолдарда тұман түседі. Көкшетауда түнде қар аралас жаңбыр жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ болады. Петропавлда аздаған жауын-шашын түсіп, тұман басады.
Қостанай облысында түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында да аралас жауын-шашын түсіп, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді.
Кей өңірлерде желдің екпіні 30 м/с-тан асады
Ең қатты жел Жетісу облысында тіркеледі. Алакөл маңында желдің екпіні секундына 23–28 метрге, кейде 30 метрден де жоғары болады.
Абай облысында жел секундына 23–28 метрге, Шығыс Қазақстан облысында 25 метрге дейін күшейеді. Семей мен Өскеменде желдің екпіні 15–20 метр болады.
Жамбыл облысында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Таразда кей уақытта 25 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысында желдің екпіні секундына 18–23 метр болады. Қонаевта да осындай ауа райы . Алматының таулы аудандарында жел секундына 18 метрге дейін күшейеді.
Қатты жаңбыр мен найзағай
Қарағанды облысында жаңбыр жауады. Өңірдің батысы мен солтүстігінде жауын-шашын кей уақытта қатты болады. Қарағандыда тұман түсіп, желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді.
Ұлытау облысында да жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетеді. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
Қызылорда облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Түркістан облысында түстен кейін жауын-шашын күшейеді. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде таулы аудандарында нөсер жаңбыр мен найзағай болады. Түркістан қаласында да қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Тұман мен көктайғақ болады
Түнде және таңертең Павлодар, Атырау, Ақтау, Орал, Қостанай, Жезқазған және Қызылорда қалаларында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында, соның ішінде Оралда көктайғақ болуы мүмкін. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады. Өңірдің батысы мен орталығында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Қай өңірлерде өрт қаупі жоғары?
Жауын-шашынға қарамастан, Қазақстанның бірқатар өңірінде табиғи өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында, Ақтөбе мен Түркістан облыстарының кей аудандарында және Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі болжанады.
Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай облыстарында және Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Басқа өңірлердің жекелеген аудандарында да өрт шығу қаупі бар.
Айта кетейік, бұған дейін Синоптиктер Қазақстанда алдағы қыс қандай болатынына болжам жасаған еді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па