Кардиолог кеуде тұсының ауырсынуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты
Кеуде тұсының ауырсынуы жүрекке байланысты да, психосоматикалық себептерден де болуы мүмкін. Мұны дәрігер-терапевт, кардиолог Андрей Кондрахин айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның айтуынша, психоэмоциялық сипаттағы ауырсыну кезінде электрокардиографияда өзгеріс байқалмайды. Мұндай ауырсыну адамның уайымы күшейген кезде артып, назарын басқа нәрсеге аударғанда, демалғанда немесе күйзеліс тудырған фактор жойылғанда басылады.

"Егер ауырсыну шынымен жүрекке байланысты болса, ол соншалықты қатты болады. Адам мазасызданып, не істерін білмей қалады", – деді дәрігер.
Мұндай жағдайда ауырсыну жүрген кезде күшейеді, дененің қалпына байланысты болмайды. Сонымен қатар қатты терлеу және дәрменсіздік сезімі байқалуы мүмкін. Ал электрокардиография тексеруінде жүрекке қатысты өзгерістер анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Кардиохирург жүрек ауруына шалдықпаудың құпиясын бөліскені туралы жазған едік.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”