Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісік үнсіз дамуы мүмкін: Онколог көпшілік елемейтін белгілерді атады

ауру
Фото: Chinnapong / Shutterstock / Fotodom

Қатерлі ісіктің қауіпті тұсы – аурудың бастапқы кезеңінде айқын белгі бермеуі. Мұны дәрігер Александр Умнов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дәрігердің сөзінше, ісік бірнеше ай, тіпті жылдар бойы дамуы мүмкін. Алайда адам әлсіздік пен ентігуді шаршаудан, жөтелді суық тиюден, ал салмақ жоғалтуды диета ұстаудан көруі мүмкін.

Маман қатерлі ісік ағзаның өз жасушаларынан дамитындықтан, иммундық жүйе оны бастапқыда байқамауы мүмкін екенін айтады. Сол себепті адам аурудың барын сезбей, ауырсынуды да байқамауы ықтимал.

“Аурудың белгілері басқа дерттерге ұқсап кетеді. Нәжістегі қанды геморройдан көреді. Ұзаққа созылған жөтелді жазылмаған суық тиюден немесе темекіден деп ойлайды. Салмақ жоғалтуды диета мен күйзеліске, ал әлсіздікті жұмыстан шаршауға жабады. Тамақ ауруы басылмаса да, оны баспамен байланыстыруы мүмкін. Осылайша адам басқа ауруды емдеп, уақыт жоғалтады”, – дейді дәрігер.

Умновтың айтуынша, мұндай белгілер байқалса, дәрігерге қаралып, қажет тексеруден өту керек. Алайда компьютерлік томография немесе онкомаркерлерге талдау тапсыру керегін маман науқастың жағдайына қарай анықтауы тиіс.

Дәрігер қатерлі ісік кезінде ауырсыну көбіне ісік жүйкелерді қысқанда, айналасындағы тіндерге тарағанда немесе басқа мүшелерге метастаз бергенде пайда болатынын айтты. Бұл аурудың асқынып кеткен кезеңін көрсетуі мүмкін.

Сонымен қатар ісік баяу өскен жағдайда ағзадағы өзгерістер ұзақ уақыт бойы шаршау, күйзеліс немесе гастрит белгілеріне ұқсап, байқалмай қалуы мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін Мамандар ыстық шай мен кофе ішу қатерлі ісік қаупін арттыруы мүмкін екенін айтқан еді. 

Stan.kz
Жексенбі, 08 Қараша, 2026 20:10