Қалталы азаматтар сарбаздарға қалай көмектесе алады: Халық кеңесінде жаңа бастама көтерілді
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Наталья Дементьева әскери бөлімдерді жөндеп, сарбаздарға қолайлы жағдай жасау үшін демеушілерден көмек тартуға болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дементьева бұл мәселені Қазақстан Халық Кеңесінің отырысында көтерді. Оның пікірінше, әскердегі ғимараттар мен басқа да нысандарды жаңартуға демеушілер мен қалталы азаматтарды тартуға болады. Осылайша, сарбаздардың қызмет ететін және тұратын жерлерін жақсарту ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, ол мектептердегі психологтардың жұмысын күшейту, балалар арасындағы әлімжеттіктің алдын алу және олардың психикалық денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталды.
Жиында басқа да ұсыныстар айтылды. Мәселен, Жандос Ақтаев құмар ойындарға тәуелділіктің себептерін зерттеп, Ақмола облысында "Ақылды қала" жобасын сынап көруді ұсынды. Ал Думан Орынбеков ғылымға бөлінетін ақшаны көбейтіп, ғалымдардың жалақысын біртіндеп көтеру қажет екенін айтты.

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Ким жиында айтылған мәселелер жауапты мемлекеттік органдармен бірге қаралатынын жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін Ерлан Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Халық Кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өткен еді. Жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ерлан Қошанов биылғы Жолдауда еліміздің алдағы даму бағыты мен жаңа технологиялар дәуіріндегі басты міндеттері айқындалғанын атап өтті.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті