"Толықтыруға немесе түзетуге болады": Еңбек министрлігі отбасының материалдық жағдайын есептейтін калькулятор қалай жұмыс істейтінін түсіндірді
Еңбек министрлігі әлеуметтік жәрдемақы алушыларға отбасының материалдық жағдайын алдын ала бағалауға мүмкіндік беретін цифрлық калькуляторды қалай пайдалану керегін түсіндірді. Сервис арқылы отбасы мүшелері, олардың табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді енгізіп, әл-ауқат деңгейін білуге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік сервисті барынша оңай етіп үш кезеңге бөлгенін жеткізді. Айтуынша мұның бәрі азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған.
“Авторизациядан өту үшін ЖСН-іңізді енгізесіз. Осыдан кейін жүйе мемлекеттік дерекқорлардан сіз туралы өзге мәліметтерді автоматты түрде алады. Атап айтқанда: жынысыңыз, жасыңыз, мүгедектігіңіздің немесе созылмалы ауруларыңыздың болуы, ресми түрде жұмысқа орналасуыңыз бен кредиттеріңіз туралы мәліметтер. Сізге тек осы деректердің өзектілігін тексеру керек. Кез келген мәліметті қажет болған жағайда түзетуге болады. Бұдан кейін өзіңізбен бір мекенжайда тұратын, сол жерде тіркелген және ортақ шаруашылық жүргізетін отбасының әрбір мүшесі туралы дәл осындай мәліметтерді өзіңіз енгізесіз”, – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік азаматқа тиесілі мүлік туралы ақпарат жүйеге автоматты түрде жүктеледі. Қажет болған жағдайда оны толықтыруға немесе түзетуге болады.
“Атап айтқанда, сіздің атыңызда тіркелген жеңіл автокөліктер, коммерциялық көлік, ауыл шаруашылығы техникасы, жылжымайтын мүлік, тұрғын үй, жер учаскелері және бизнестегі үлестер туралы мәліметтер қамтылады. Одан кейін сізбен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі осындай активтер туралы ақпаратты кезекпен енгізесіз. Сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің орташа айлық табысы көрсетіледі”, – делінген хабарламада.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін сервис барынша оңайланлырылып, үш кезеңге бөлінген.
Бірінші қадам – отбасы
- Деректерді енгізу өзіңізден басталады.
- Авторизациядан өту үшін ЖСН-іңізді енгізесіз. Осыдан кейін жүйе мемлекеттік дерекқорлардан сіз туралы өзге мәліметтерді автоматты түрде алады. Атап айтқанда: жынысыңыз, жасыңыз, мүгедектігіңіздің немесе созылмалы ауруларыңыздың болуы, ресми түрде жұмысқа орналасуыңыз бен кредиттеріңіз туралы мәліметтер.
- Сізге тек осы деректердің өзектілігін тексеру керек. Кез келген мәліметті өзектендіріп, қажет болған жағайда түзетуге болады.
- Бұдан кейін өзіңізбен бір мекенжайда тұратын, сол жерде тіркелген және ортақ шаруашылық жүргізетін отбасының әрбір мүшесі туралы дәл осындай мәліметтерді өзіңіз енгізесіз.
Екінші қадам – активтер мен кірістер
- Өзіңізге тиесілі мүлік туралы ақпарат жүйеге автоматты түрде жүктеледі. Қажет болған жағдайда оны толықтыруға немесе түзетуге болады.
- Атап айтқанда, сіздің атыңызда тіркелген жеңіл автокөліктер, коммерциялық көлік, ауыл шаруашылығы техникасы, жылжымайтын мүлік, тұрғын үй, жер учаскелері және бизнестегі үлестер туралы мәліметтер қамтылады.
- Одан кейін сізбен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі осындай активтер туралы ақпаратты кезекпен енгізесіз.
- Сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің орташа айлық табысы көрсетіледі.
Үшінші қадам – алдын ала бағалау нәтижесі
- Тексерілген және өзіңіз енгізген барлық деректер негізінде отбасыңыздың әл-ауқат деңгейі туралы алдын ала нәтиже бірден көрсетіледі.
- Нәтижеден кейін экранда шағын сауалнама пайда болады. Онда азаматтар сервис жұмысына бес балдық шкала бойынша баға бере алады немесе өз пікірін еркін түрде қалдыра алады.
Министрлік калькулятордың тек отбасының жағдайын алдын ала бағалауға арналғанын ескертті. Оның нәтижесі жәрдемақы тағайындауға, мөлшеріне немесе төлемді жалғастыруға әсер етпейді. Яғни есептеу қорытындысымен келіспеу немесе сервиске пікір қалдыру жәрдемақыдан айырылуға себеп болмайды.
“Сонымен қатар нәтиженің дәлдігі енгізілген мәліметтерге байланысты. Егер отбасының бір мүшесі немесе оның табысы мен мүлкі туралы ақпарат көрсетілмесе, есептеу дұрыс шықпауы мүмкін. Сондықтан министрлік барлық отбасы мүшесі мен оларға қатысты деректердің толық енгізілгенін тексеруге кеңес береді”, – делінген хабарламада.
Мүлік туралы мәліметтерден қате анықталған жағдайда не істеу керек?
Министрлік азаматтарды жалған сервистерден сақ болуға шақырды. Әл-ауқатты бағалау калькуляторы тек eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Ал мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде, бөгде сайттарда немесе SMS арқылы жіберілген сілтемелердегі калькуляторлар ресми сервис емес.
“Егер жүйеде өзіңізге тиесілі мүлік туралы қате ақпарат көрсетілсе, оны түзету үшін eGov.kz порталындағы жеке кабинет немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы тиісті органдарға өтініш беруге болады. Сондай-ақ тұрғылықты жеріңіздегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жүгінуге мүмкіндік бар”, – деді ведомство.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Енді жәрдемақының бір бөлігін беру кезінде отбасының табысы, баспанасы, көлігі және басқа да мүлкі ескеріледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев отбасының әл-ауқатын бағалайтын калькулятордың таныстыруына қатысты. Ол жүйенің қалай жұмыс істейтінін өз отбасының мысалында көрсетіп, нәтижесінде калькулятор оны В санатына жатқызды.
Тариф қымбат, интернет баяу: Beeline абоненттерінің наразылығына жауап берді
