Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
Бүгін, 17 қарашада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух тікелей эфирде өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді. Президенттің мәлімдемесі оның Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір Моңғолияда Таван-Толгой – Гашуунсухайт теміржолының құрылысына қатысты дау туындаған. Оппозиция өкілдері теміржол салуға арналған жабық тендер кезінде 110 миллион доллар көлемінде пара берілген болуы мүмкін деп мәлімдеді. Осыған байланысты 16 қарашада елдегі оппозиция президент пен жемқорлыққа қатысы бар деген басқа да шенеуніктердің қызметінен кетуін талап етті. Олар істің жан-жақты тергелуін сұраған.
Бүгінгі тікелей эфирде Ухнаагийн Хурэлсух өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып, кінәсіз екенін дәлелдеу үшін қызметінен кетуге шешім қабылдағанын айтты.
"Маған тағылған айыптардың жалған екенін дәлелдеу үшін қызметімнен кетемін. Өзімнің ар-намысымның таза екенін дәлелдеймін", – деді Моңғолия президенті.
Ухнаагийн Хурэлсух тергеуге көмектесуге дайын екенін де жеткізді. Ол өзіне жала жабылғанын айтып, жемқорлыққа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Моңғолия президентінің отставкасы парламент қабылдағаннан кейін ғана күшіне енеді.
Еске салсақ, бұған дейін Украина Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкаға кетуін қолдап, тиісті шешімге 258 депутат дауыс берген еді. Украина заңнамасына сәйкес, премьер-министр қызметінен кеткен жағдайда үкіметтің де өкілеттігі тоқтайды. Президент Владимир Зеленский бұл өзгерістер елдің саяси стратегиясын жаңарту үшін қажет екенін мәлімдеді.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
