Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға өтініш берді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бастаған үкімет жаңадан сайланған парламенттің жұмысы басталуына байланысты өз өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пашинян бұл рәсім Армения Конституциясының 158-бабында қарастырылғанын айтты. Ол үкіметтің отставкасы туралы тиісті құжатқа қол қойып, оны президент Ваагн Хачатурянға жолдаған. Енді мемлекет басшысы министрлер кабинетінің отставкасын қабылдауға тиіс.
Жаңа үкімет жасақталғанға дейін қазіргі министрлер кабинеті өз міндеттерін атқара береді. Сонымен қатар Пашинян парламенттегі көпшілік бүгін президентке премьер-министр қызметіне кандидат ұсынатынын мәлімдеді. Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысы жаңадан сайланған парламенттің көпшілігі ұсынған кандидатты кідіріссіз премьер-министр етіп тағайындауы керек.
Еске салайық, бұған дейін Никол Пашинян 2 тамызда жаңа шақырылымдағы парламенттің жұмысы басталуына байланысты Армения үкіметі отставкаға кететінін алдын ала хабарлаған еді.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін