Үйге, саяжайға және сапарға: Starlink спутниктік интернеті ресми кепілдікпен сатылады

Қазақстандықтар Starlink спутниктік интернет құрылғыларын ресми кепілдікпен сатып ала алады. Құрылғыларды Starlink-тің уәкілетті серіктесі тікелей өндірушіден жеткізеді. Олар тек Halyk Market мобильді қосымшасында сатылады.
Starlink кабельге де, ұялы байланыс мұнарасына да тәуелді емес: сигнал тікелей спутниктерден келеді. Сондықтан интернет кабельді желі тартылмаған ауылда да, саяжайда да, қала сыртындағы үйде де жұмыс істейді. Бұл қашықтан жұмыс істейтіндерге, онлайн сабаққа қатысатын оқушылар мен студенттерге, алыстағы туыстарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесетін отбасыларға қолайлы.
Құрылғыны орнату үшін маман шақырудың қажеті жоқ. Антенна спутниктерді өзі табады, оған тек ашық аспан керек. Қосылғаннан кейін Starlink үйдегі әдеттегі Wi-Fi сияқты жұмыс істейді.
"Halyk Market Starlink компаниясының уәкілетті серіктесі жеткізетін жабдықтарды сататын эксклюзивті алаңға айналды. Біз бұл ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Енді сатып алушылар түпнұсқа жабдықты тиімді шарттармен, ресми кепілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен сатып ала алады. Бұл біз үшін маңызды. Біз Starlink технологиясының жеке тұтынушылар нарығында ғана емес, корпоративтік секторда да әлеуеті жоғары деп есептейміз. Әсіресе, өнеркәсіптік кәсіпорындар, аграрлық кешендер мен фермерлік шаруашылықтар үшін бұл технологияның мүмкіндіктері зор. Бұл бағыттың болашағы бар және біз оны Halyk Market платформасында одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз", – деді Halyk Market-тің CEO-сы Алишер Елюбаев.
Сатылымда екі модель бар. Starlink Standard тұрақты пайдалануға арналған: оны жеке үйге, саяжайға немесе ауылдағы үйге бір рет орнатасыз да, күнделікті үй интернеті ретінде қолданасыз. Starlink Mini — ішіне роутер орнатылған ықшам антенна. Оны үйде де қолдануға, сапарға, балық аулауға немесе табиғатқа алып шығуға болады.
Ресми арна арқылы сатып алудың басты артықшылығы — сатып алушы құжаттары бар түпнұсқа құрылғыны ресми кепілдікпен алады.
Сатып алуды жеңілдету үшін екі құрылғыны да 12 айға бөліп төлеуге алуға болады. Ал 30 қарашаға дейін қосылуға 30% жеңілдік беріледі.
Жарнама құқығында
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті