Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баянды қолдап, мені Қазақстаннан қуасыңдар": Тұрсынбек Қабатов елге өкпесін айтты

Тұрсынбек әйелімен, Баян Алагөзова
Фото: Instagram.com/t_a_d_d_s_ / bayanmaxatkyzy/

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші рет шаңырақ көтергеніне байланысты айтылған сын-пікірлерді сахнада әзілге айналдырды. Өнер иесі жеке өміріне қатысты қоғамның көзқарасын сөз етіп, көрермендерге алғысын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әзілкеш концерт барысында екінші рет отбасын құрған ер азаматтар мен әйелдерге қоғамның көзқарасы әртүрлі екенін айтып, танымал продюсер Баян Алагөзованы мысалға келтірді.

“Дариға: “Оған сол керек” дейді. Білмеймін, кімді айтып тұрғанын. Баян тұрмысқа шыққанда оны қалай күшті етіп қолдадыңыздар. Мен қазір әйеліме той көйлегін кигізіп, той жасайыншы. Бітті ғой. “Оңбаған, осының концертіне кім барып жатыр? Бойкот! Мұны Қазақстаннан шығарып жіберу керек” деп айтып жатады. Ой, жандарым сол, тығылып келіп жатқан сіздерге рақмет”, – деді Тұрсынбек Қабатов.

Осылайша өнер иесі екінші рет үйленуіне қатысты айтылған жағымсыз пікірлерді әзілмен жеткізді.

Ол өзін сынағандарға қалжыңмен жауап беріп, концертке келген көрермендеріне ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әзілкеш әрі тележүргізуші. Ол сахнадағы қойылымдарында отбасылық қарым-қатынас пен қоғамдағы түрлі мәселелерді жиі қозғайды.

Еске салайық, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауғашақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.

Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 16 Қараша, 2026 15:51