Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шаруам жоқ": Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары әзілкештің балаларының тойына неге бармағанын айтты

Тұрсынбек Қабатовтың балалары мен қазіргі жары
Фото: instagram.com/adema.tursinbekkyzy / t_a_d_d_s_

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талқатқызы өнер иесінің балаларының қуанышына арнап ұйымдастырылған тойға неліктен қатыспағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күні кеше әзілкештің бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова өткізген дүбірлі той желіде қызу талқыға түскен еді. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі Тұрсынбек Қабатовтың балаларының тойына келмегенін дұрыс емес санап, бұған оның қазіргі жары Айман Талғатқызын себепкер деп болжады.

 Осыдан кейін оқырмандардың бірі Айман Талғатқызынан Тұрсынбекті тойға “неге жібермегенін” сұрап, әзілкештің мұндай шараға бармауын түсінбейтінін жазған.

“Тойға неге жібермедіңіз? Тұрсынбектей тұлға әйелдің айтқанын тыңдап, тойға бармай қалғаны не сасқаны екен?” – деп жазған қолданушы.

Айман Талғатқызы бұл пікірге жауап беріп, мұндай әңгімелердің негізсіз екенін айтты. Оның сөзінше, ол бұл мәселеге араласпаған және күйеуінің шешіміне ықпал етпеген.

“Осы бір жерде мен тойға жібермедім деп айтып жатыр ма? Менің оларда не шаруам бар? “Барсам бола ма?” деп сұрап тұрған еркек те жоқ. Кішкене миға қонымды әңгіме айтсаңдаршы”, – деп жауап берді ол.

 

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова балаларына арнап қуаныш тойын өткізген еді. Тойда Тұрсынбек Қабатовтың көрінбеуі көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде түрлі пікірлерге себеп болды.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 08 Шілде, 2026 12:35