Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова қыздарының соңғы қоңырауында бірге бой көрсетті

Қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова қыздары Айымның мектеп бітіру салтанатына бірге барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелерінің ортаншы қыздары Айым мектеп бітіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты сәттің кадрларын бөлісті. Видеодан бұрынғы ерлі-зайыптылар перзенттері үшін маңызды күнде бірге жүргенін көруге болады.
Сондай-ақ Мөлдір Мұқанованың өзі де парақшасында қызымен түскен әсерлі суреттерді жариялады.
“Менің әлемім, әлемге ашық, өмірге ғашық Айымым мектеп бітірді”, – деп жазды ол.
ОқыңызОтбасылық мерекеден жарияланған кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Әсіресе Тұрсынбек Қабатовтың қызының соңғы қоңырауына келуі көпшіліктің назарын аударды. Пікір қалдырғандардың бір бөлігі бұрынғы жұптың қайта жарасуын тілесе, енді бірі әкенің қыз өміріндегі маңызды сәттен шет қалмағанын жоғары бағалады.
“Мөлдір бұрын Тұрсынбектің жары еді, қазір қызы сияқты көрінеді. Жарайсың, Мөлдір, қыздайсың!”, “Ақ жол!, “Есімін де әдемі қойған екен. Көп жұлдыздың ішінде айдай жарқырап, әлемге танылсын. Болашағың жарқын болсын, Айым”, – деп жазды желі қолданушылары.
Мән-жайы
Еске салайық, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.
Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.
Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты