Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өсек бітті, жаңалығым көп": Желідегі шудан кейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары ел алдына шықты

Тұрсынбек Қабатовтың жары Айман
Фото: instagram.com/t_a_d_d_s_/

Күні кеше желідегі жұрт танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова қайта қосылды ма деп болжам жасаған еді. Ал бүгін әзілкештің екінші жары ретінде танылған Айман есімді келіншек ел алдына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айман әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, парақшасының бұғатталып қалғанын айтты. Ол 10 күн бойы әлеуметтік желіден демалып, отбасымен уақыт өткізгенін жеткізді. 

“Біршама күн мені іздеп, хабарласып, уайымдап, артын тәтті әңгімеге ұластырып соған сеніп, шатасып қалған аңқылдақтарым. 10 шақты күн бойы инстаграмсыз бір жақсы демалыс болды. Ойда жүрген шаруаларға көңіл бөліп, бала-шағаға уақыт бөлдік. Отбасымызбен демалысқа шығып, бір рухани азық алдық. Instagram-ның болмағаны да жанға тыныштық сыйлайды екен!” – деп жазды ол.

Ол парақшасын бұғаттан ашуға асықпай, керісінше, сабырмен күткенін алға тартты.

“Еш асықпадым, алаңдамадым. Сабырмен қайырын күттім. Ия, бұғаттан шығару оңай болмады, бірақ шүкір ашылды. Алдағы уақытта жиналып қалған контенттеріммен бөлісемін! Менімен бірге болыңыздар. Жаңалықтар да бар”, – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін желіде қазақстандықтар Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова қайта қосылды деп болжағаны хабарланған еді. Бұған Тұрсынбек Қабатовтың бірінші әйелі Мөлдір Мұқановамен түскен суреттерін парақшасына қайта жариялауы себеп болды.

Сондай-ақ көпшілікті әзілкештің екінші жары деп танылған Айман есімді келіншектің Instagram-дағы t_a_d_d_s нигімен тіркелген парақшасы да желіден жоғалып кеткені де алаңдатты.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 15 Мамыр, 2026 23:20