Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова қайта қосылды ма: Желідегі жұрт болжам жасап жатыр

Қоғам талқысында жүрген танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тағы да желіні шулатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жолғы желідегі шуға әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бірінші әйелі Мөлдір Мұқановамен түскен суреттерін парақшасына қайта жариялауы себеп болды. Бұған дейін өнер иесінің Instagram парақшасында бұрынғы жарымен бірге түскен фотолары өшірілген еді.
Сонымен қатар көпшілік әзілкештің екінші жары деп білетін Айман есімді келіншектің Instagram-дағы t_a_d_d_s никімен тіркелген парақшасы да желіден жоғалып кеткен.
Жұлдыздардың жеке өміріндегі бұл өзгерісті желі қолданушылары бірден байқап, Threads платформасында осы тақырыпта бірнеше жазба жариялады.
“Тұрсынбек Мөлдірмен түскен фотоларын инстасына шығарып қойыпты. Қуанып тұрмын. Айман әпшеміз инстадан жоқ болды. Ол да екеу түскен суреттерін алып тастағанын байқаған едім. Не болды екен?” – деп жазды қазақстандық.
Тағы бір желі қолданушысы да бұл өзгеріске назар аударған.
“Көрдіңдер ме? Тұрсынбек архивтегі Мөлдірмен суреттерін шығарып қойыпты. Айман қайда?” – деп жазды ол.

Осыдан кейін желі қолданушылары жаппай пікір білдіре жөнелді.
“Мөлдір, қайта қабылдасаң білмеймін енді”, “Мөлдірдің қайта қабылдағаны дұрыс шығар”, “Жақсы белгі болса екен. Айманның енді обалы жоқ шығар, о бастан отбасылы еркекпен жүрді. Ортадағы балаларға обал”, “Ешқашан біреудің отбасын бұзбаңыздар”, “Елді шулатып алып енді қалай бірге тұрады екен”, “Адасқанның айыбы жоқ”, “Ат айналып қазығын табады”, – деді пікір білдірушілер.
ОқыңызАйта кетейік, продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.
Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.
Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?