Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді кімге еркелеймін?" Танымал блогер Әділет Айтжановтың анасы өмірден өтті

Блогер upu4uk анасымен
Фото: Instagram.com/upu4uk_show/

Танымал қазақстандық блогер Әділет Айтжанов қара жамылды. Оның анасы өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабарды блогер Instagram парақшасында жариялап, анасына арнап жүректебірентерлік жазба қалдырды. Ол жақын адамынан айырылғандағы қайғысын жеткізіп, анасына деген сағынышын білдірді.

“Көп сөз жазғым-ақ келеді. Анашым, сен үшін тауды да қопаруға дайын едім ғой. Енді кімге еркелеймін? Алла жәннат нәсіп етсінші”, – деп жазды блогер.

Сондай-ақ Әділет Айтжанов анасына алғысын айтып, ауыр қайғыға қарамастан мойымайтынын жеткізді.

“Анашым, жаныңыз жәннатта болсын. Енді кімге еркелеймін? Кешірші, ештеңе жасай алмадым. Анашым, рақмет. Батыр ұлың сынбайды”, – деп жазды ол.

Блогердің жазбасына желі қолданушылары көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр. Олар марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы болуын тіледі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық дизайнер, Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы Аида Қауменованың әкесі Мұрат Қауменов бақилық болғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 16 Қараша, 2026 13:05