"Айтарға сөзім жоқ": Қыздары тосынсый жасаған Мөлдір Мұқанова жылап қалды
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздары Мөлдір Мұқановаға сый жасап, аналарын жылатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Продюсердің қыздары бірлесіп, анасына Дубайдан iPhone-ның су жаңа моделін сыйлаған.
“Айтарға сөзім жоқ. Толқып кеттім”, – деп жазған ол.
Өнер иесінің видеосы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
“Ұрпағыңызбен мың жасаңыз”, “Қыздар, жарайсыңдар. Ақылды екенсіңдер”, “Керемет, жақсылыққа ұстаңыз, құтты болсын”, “Қыздар өте ақылды”, “Тфәй-тфәй, керемет, сұлу қыздарың бар”, “Балалар өсті деген осы емес пе?! Күшті, құтты болсын”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, жұрттың жүрегін елжіреткені хабарланған еді.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді