23 миллион теңге бәс тіккен: Жамбыл облысында құмар ойын ойнаған төрт шенеунік жұмыстан босатылды
Жамбыл облысында заңмен тыйым салынғанына қарамастан, құмар ойындарға қатысқан төрт мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Олардың бірі букмекерлік кеңсенің ойын шотына 23 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Жуалы ауданында жүргізілген тексеру барысында мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталған. Аудандық әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы тұрақты түрде ақша тігіп отырған.
Прокуратураның мәліметінше, жергілікті атқарушы органның бас мамандарының бірі букмекерлік кеңседегі ойын шотына 23 миллион теңгеден астам қаражат аударған.

Прокурорлық қадағалау актісі қаралып, тәртіптік комиссияның шешімімен төрт мемлекеттік қызметкер теріс себептермен жұмыстан босатылды.
"2024 жылдың 9 қыркүйектен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына заңмен тыйым салынған. Аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді сақтамау мемлекеттік қызметтен босатуға негіз болады. Аталған шаралар ойынға тәуелділіктің алдын алуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында төрт мемлекеттік қызметкер құмар ойын үшін қызметінен кеткені туралы жазған едік.
Пәтерақысын төлеуге көмек сұраған ақтаулық қызды ер адам зорлады деген күдікке ілінді
Заңгердің сөзінше, ер адам болған жағдайды видеоға түсірген
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі