Қазақстанда азаматтық алу үшін тестілеу өтеді: Үміткерлер нені білуі керек
Қазақстанда 27 қарашадан бастап ел азаматтығын алуға үміткерлерден тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, өтініштер 27 қараша мен 7 желтоқсан аралығында қабылданады. Ал тестілеу 8 желтоқсанда өтеді.
Үміткерлер тестілеуге қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы өтініш бере алады.
Тестілеу үш бөлімнен тұрады:
- Қазақ тілі бойынша тест – 30 тапсырма. Шекті балл – 15;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздері бойынша тест – 40 тапсырма. Тестті қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға болады. Шекті балл – 20;
- Қазақстан тарихы бойынша тест – 30 тапсырма. Тестті қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға болады. Шекті балл – 15.
Тестілеуден жинауға болатын ең жоғары балл – 100. Ал азаматтық алуға үміткерлер үшін белгіленген шекті балл – 50.

Емтиханға 2 сағат 10 минут уақыт беріледі. Мүгедектігі бар адамдарға тестілеуді тапсыру үшін қосымша 30 минут қарастырылған.
Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге. Сонымен қатар дайындық деңгейін тексеріп, білімін жетілдіргісі келетін үміткерлер үшін 3 355 теңгелік ақылы байқау тестілеуі ұсынылады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан азаматтығын сатып алғанын мәлімдеген шетелдіктің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.
Пәтерақысын төлеуге көмек сұраған ақтаулық қызды ер адам зорлады деген күдікке ілінді