"Барып үй жинайын": Айдана Меденова киімін сынаған Мақпал Жүнісоваға астарлап жауап берді ме
Әнші Айдана Меденованың әлеуметтік желіде жариялаған кезекті суреті жұрттың талқысына түсті. Желі қолданушылары мұны Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың сахналық киіміне қатысты айтқан сынына берген жауабы деп қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Мақпал Жүнісова Айдана Меденованың жаңажылдық түсірілімде киген сахналық киімін сынаған еді. Халық әртісіне әншінің денесіне жабысып тұратын шалбары ұнамаған.
“Мен мұндай лосинамен үй жинаймын”, – деп жазған Мақпал Жүнісова.
Халық әртісінің пікіріне 4,4 мыңнан астам адам лайк басып, 200-ден астам желі қолданушысы жауап жазған.
Осыдан кейін Айдана Меденова Instagram желісіндегі Stories бөлімінде тағы да денесіне жабысып тұратын киіммен түскен суретін жариялап, әзіл аралас жазба қалдырды.
“Барып үй жинайын бүгін”, – деп жазды әнші.
Бір қызығы, өнер иесі суретіне өзінің сын айтушыларға арналған “Hey, Hater” әнін қосқан.

Алайда әншінің әзілін жұрттың бәрі бірдей құптамады. Threads желісінде кейбір оқырман оның аға буын өкіліне бұлай жауап беруін орынсыз санаған.
“Әуелі Мақпалдың жасына жетіп алсын”, “Мақпал сахнаның мәдениетін біледі”, “Мақпалдың сөзін әзілге айналдырып тұр ма?”, “Үлкенмен салғыласып”, – деп жазды желі қолданушылары.
Дегенмен Айдана Меденова жазбасында Мақпал Жүнісованың есімін атамаған. Сондықтан әншінің бұл әзілі халық әртісіне бағытталғаны әзірге белгісіз.
Пәтерақысын төлеуге көмек сұраған ақтаулық қызды ер адам зорлады деген күдікке ілінді
