"Қар ханшайымы": Жұлдыз Әбдукәрімованың Үлкен Алматы көліндегі бейнежазбасы жұртты тәнті етті
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Үлкен Алматы көлінің аясында түсірілген ерекше бейнежазбасын жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызыл түсті сәнді көйлек киген өнер иесі ақ қар жамылған асқар таулар мен көгілдір көлдің аясында бой көрсетті. Табиғаттың тамаша көрінісімен үйлесім тапқан актрисаның образы желі қолданушыларын тәнті етті.
Жұлдыз Әбдукәрімова бейнежазбаның астына адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы ойлы жазба қалдырған.
“Таудың құдіреті – шыңында,
Қыстың құдіреті – аязында,
Адамның құдіреті – мейірімінде болса керек”, – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары өнер иесінің талғамына жоғары баға беріп, жылы лебіздерін жаудырды.
“Нағыз қар ханшайымы”, “Жұлдыздың талғамы қашанда жоғары”, “Сіз ертегідегі ханшайымның рөлін сомдау үшін жаралғансыз”, “Талғампаздық – сөзсіз-ақ сыр шерте білу өнері”, – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Үлкен Алматы көлінің көз тартар табиғаты бұған дейін де өнер иелерінің шығармашылығына арқау болған. Жуырда скрипкашы Жібек Сақтан осы көлдің аясында оңтүстіккореялық композитор Yiruma-ның Kiss the Rain шығармасын орындап, көпшілікті сүйсінткен еді.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш ұлына тұлпар сыйлағаны хабарланған еді.
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді