Қазақстанда алдағы күндері күн суытып, қар жауады
Қазгидромет 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Олардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылып, жаңбыр мен қар жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кей өңірлерде көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, 30 қарашада еліміздің шығысында қалың қар жауады. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын болады.
Осы күндері ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қарай түнгі уақытта:
- Батыста – 5-12 градус аяз;
- Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта – 10-18 градус аяз;
- Шығыста – 7-12 градус аяз;
- Таулы аймақтарда – 15-20 градус аяз болады.
Ал еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Айта кетейік, бұған дейін Синоптиктер еліміз бойынша қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялағаны туралы жазып едік.
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі
«Анам комада жатыр»: Жамбыл облысында әйел бұрынғы күйеуінің үйінен ауыр жарақатпен табылды
Облыстық департамент жағдайды өз бақылауына алды