"Марқұм анамның дұғасы, елдің тілеуі": Наркенже Серікбаева Астанадан баспана алды
Белгілі әнші Наркенже Серікбаева елордадан баспана алып, қоныс тойын тойлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі көптен күткен қуанышын әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісті. Әнші өміріндегі әрбір жетістігін марқұм анасының ақ батасымен, халқының ақ тілегімен байланыстырды.
“Әуелі Алла, сосын тілеулес қазағымның арқасында Астанадан үй алдым. Қандай жетістікке жетсем де марқұм анамның дұғасы, елдің тілеуі деп білем. Толассыз кеп жатқан құттықтау хаттарыңызға рахмет! Бәріңізге осындай қуаныш нәсіп болсын!” – деп жазды әнші.
Өнер иесінің қуанышына ортақтасып, Шымкенттен арнайы келген жақындары мен достары да қоныс тойдың қадірлі қонағы болған.
Наркенже Серікбаева олардың әрқайсысына ризашылығын білдіріп, бір кездері арман болған дүниелеріне бүгінде қол жеткізіп жүргенін айтты.
“Жаныма жақсы адамдарды жіберген Жаратқаныма шүкір! Бір кездері арман болған дүниелерге бұл күндері қол жеткізудемін! Аллаға сансыз шүкір! Аман болыңыздар, қара орман қазағым!” – деді өнер иесі.
Желі қолданушылары да әншінің қуанышына ортақтасып, жаңа қонысының құтты болуын тілеп, ақжарма тілектерін жаудырды.
Еске салайық, әнші Наркенже Серікбаева су жаңа көлік мінді. Бұған дейін өнер иесі Lexus LX 600 маркалы жол талғамайтын автокөлік сатып алғаны хабарланған еді.
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
