Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қуанышым жұғысты болсын": Наркенже Серікбаева су жаңа Lexus LX 600 көлігін алды

Наркенже Серікбаева қымбат көлік алды
Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva/

Танымал әнші Наркенже Серікбаева су жаңа көлік мінді. Өнер иесі Lexus LX 600 маркалы жол талғамайтын автокөлік мінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің қуанышты сәтінен түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Жаңа темір тұлпарын тізгіндеген өнер иесіне жақындары мен желі қолданушылары құттықтау айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

“Құтты болсын! Су жаңа автокөлік”, “Бәріне лайықсыз, астыңызда тозсын”, “Құтты болсын. Бағдаршамның жасылын , жолдардың тегісін, сәтті сапарлар тілеймін”, – деп жазды қолданушылар.

Кейін Наркенже Серікбаева да қуанышына ортақтасып, құттықтау жолдаған оқырмандарына алғыс айтты.

“Армысыздар, менің жақсыларым, жанашырларым! Кешелі бері менің қуанышыма құттықтау айтып жатқан жандардың барлығына үлкен рақмет! Қуанышым баршаңызға жұғысты болсын!” – деп жазды Наркенже Серікбаева.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаева қазақ эстрадасында ұлттық нақыштағы және лирикалық әндерімен танылған. Оның “Жүрегімде жүрсің сен”, “Қазақ осы”, “Әдемі ана”, “Елім KZ” секілді әндері тыңдарманға кеңінен тараған.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 13 Тамыз, 2026 18:39